НАОКО ТАГУЧИДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТӘСІЛІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ: СЫНИ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.82.2.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Наоко Тагучидің прагматикалық құзыреттілік туралы зерттеулері мен педогогикалық методологиядағы тиімді қарым-қатынастың маңызды аспектіслері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты Тагучидің тұжырымдарын бейімдеу арқылы қазақ тілінде оқитын оқушылардың прагматикалық құзіретін арттыруға мүмкіндік беретін педогогикалық методиканы жетілдіру. Осы мақсатқа жету үшін авторлар Тагучидің 2000 жылдардан бастап осы кезге дейінгі жариялаған ғылыми еңбектеріне сыни талдау жасалып, прагматикалық оқытуға және қазақ тілін үйренушілер арасында прагматикалық құзыреттілікті арттыру стратегияларынаназар аударады. Негізгі нәтижелер Тагучи зерттеулерінің хронологиялық эволюциясын жүйелеп кӛрсетті. Шолуда прагматикалық құзіреттілікке қатысты 2000 жылдардың алғашқы кезеңдеріндегі зерттеулерінен бастап, прагматикалық оқыту технологиясының жетілдірілгенсаласындағы соңғы әзірлемелерге дейін қамтылады. Тагучидің жұмысынан алынған негізгі идеялар контексттелген және интерактивті оқыту ортасының маңыздылығын және технологияның, әсіресе цифрлық ойындардың тілдің прагматикалық аспектілерін оқытудағы тиімділігін қамтиды.Мақалада осы идеяларды қазақ тілін оқытушы педогогтардың сабақ беру тәсілдері ретінде тәжірибеде сынауды және қолдануды ұсынылады. Бұл интерактивті және контекстке бағытталған оқыту үшін цифрлық құралдарды пайдалануды және оқыту әдістерін Қазақстанның бірегей мәдени және тілдік контекстіне бейімдеуді кӛздейді. Бұл стратегиялар қазақ тіліндегі оқушылардың жан-жақты прагматикалық құзыреттілігін дамытуға, оларды әртүрлі контексте тиімді қарым-қатынас жасауға дайындауға бағытталған.