ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ БІЛІМГЕРЛЕРІНІҢ САЛАУАТТЫ ӚМІР САЛТЫН ҦСТАНУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ӚМІР СҤРУ САПАСЫН АНЫҚТАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.82.2.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада «Дене шынықтыру және спорт мұғалімдерін дайындау», «Туризм», «Педагогика және психология» және «Математика» сынды білім беру бағдарламаларындабілім алушы жоғары оқу орны білімгерлерінің қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижесі жайында баяндалған. Ғылымижұмыста Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде білім алатын жоғары оқу орныны студенттерінің пәнаралық байланыстарын назарға алу негізінде анықталған нәтижелер қарастырылған. Мақалада жоғарыда кӛрсетілген білім беру бағдарламалары студенттерінің салауатты ӛмір салтын ұстану жағдайы мен олардың ӛмір сүру сапасына қанағаттану деңгейін анықтауға байланысты жасалынған статистикалық талдаулар баяндалады. Респонденттердің салауатты ӛмір салты мен ӛмірге қанағаттану деңгейлерін анықтау мақсатында, Динер, Эммонс, Ларсен және Гриффин әзірлеген (1985) «Ӛмір сүру сапасы» шкаласы қолданылды. Ғылыми зерттеу жұмысына жалпы саны 195 (оның ішінде 106 ер бала, 89 әйел) респондент қатыстырылды. Ғылыми зерттеу жұмысында респонденттердің шкалалардан алынған қорытындылары кӛрсетілген. Зерттеу жұмысына қатысушыреспонденттерден алынған мәліметтер SPSS 20 бағдарламасында талданып, кестелер түрінде енгізілді және талдау жасалынды.