ЖОООҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІНАРТТЫРУҮШІНACTION RESEARCH ӨТКІЗУДІПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАСИЛИТАЦИЯЛАУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.79.2.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала университет оқытушылары мен жас ғалымдардың зерттеу белсенділігін арттыруда Аction research (іс-әрекеттегі зерттеу)сынды зерттеудің бейформалды түрлерімен айналысудың жолдарыжәне оларға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету ерекшеліктеріайтылады. Педагогикалық-психологиялық қолдау –фасилитацияны жүргізу техникаларымен оларды қолдану ерекшеліктері анықталған.Мақаланың мақсаты –ЖОО профессорлық-оқытушыларқұрамының және жас ғалымдардыңкәсіби тәжірибелеріне Action Researchсынды зерттеу формаларын интеграциялау процессінде олардың зерттеу белсенділіктерінарттыруға психологиялық-педагогикалық қолдаукөрсетумүмкіндіктерін анықтау болып табылады.Авторлар, Абай университетінің жас зерттеушілерін «Action Research» тәсілін өз тәжірибелерінде қолдануға шақырып, оларға фасилитациялық қызмет көрсету арқылы жетістіктерге жетудің жолдарыменоларға қолайдлы орта туғызу мәселесінқарастырады.Сондай-ақ, ЖОО оқытушыларымен жас ғалымдардың зерттеу жұмысынпсихологиялық-педагогикалық фасилитациялау білім беру сапасын арттырып,оқу процесінің табысты болуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, -дейді. Бұл оқытушылардың кәсіби өсуінежәне зерттеу іс-әрекетінедеген ынтасын арттыруға ықпал ететіндігін дәлелдеп отыр.Бұл зерттеу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ИРН АР 14872311 "Action Research ретінде зерттеудің бейресми нысандарын практикаға интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамыту теориясы мен технологиясы"гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде жүргізілді.