КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ САХНАЛЫҚ ТІЛ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/1728-7804.2023.14.1.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Сахна тілі мектебінің негізгі салалары өз алдына жеке-жеке зерттейтін ғылым саласы. Ал осы мақаланың басты ерекшелігі, жаңалығы –көркемсөз оқу шеберлерініңсахналық тіл айқындылығының негізі –дикция, дем, дауыс, орфоэпия мәселелері көтеріліп, көркем мәтіндегі сахналық тілдің даму үдерістері талқыланып, ғылыми негізде дәлелдермен пайымдап, көркемсөз өнерін өркендету жолындағы ғылыми жұмыстарға тереңірек тоқталып, толыққанды сараптама жүргізу.Біздің мақсатымыз –кәсіби маман-педагогтар салған шығармашылық сара жолды заманауи үлгіде одан әрі дамыту, жетілдіру болмақ. Бұл мақала бүгінгі егемен еліміздің өмірінде жүріп жатқан мәдени, әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланысты. Үнемі даму мен жаңару үстіндегі қоғам, өнердің әр алуан салаларын зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерді алға шығарады. Бүгінгі таңда қазақ сахна тілі мектебіндегі көркемсөз шеберлігінің қалыптасуы мен дамуы –ғылыми тұрғыда жүйеленіп, зерттеліп, саралауды қажетсінеді. Демек, сахна тілі саласындағы көркемсөзді оқуды жетік меңгеру жолының техникасын, идеясымен бірге, теориялық-практикалық зерттеу жұмысын биік дәрежеге жеткізу бұл мақаланың өзектілігі деп білеміз.Қазақ сөз өнерінің тарихын зерттеп, оның жай-күйіне сын-пікір айтып, ғылым тілінде оған зерттеу жұмысын жүргізетін кәсіби сала –сахна тілі мектебі. Соның ішінде көркемсөз өнері –бүгінгі күнде күрделі әрі сан салалы өнердің түрі