ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫСЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ТИПТЕРІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/1728-7804.2023.14.1.004
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тілдің табиғатын толық ашу үшін дәстүрлі сипаттап жүйелеу бүгінгі күні жеткіліксіз, осыған қоса тілдің әрекет ету,жұмсалу тетіктерінің де маңыздылығы белгілі болды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін зерттеу нысаны сөйлеу болу керек, сөйлеудің адамның ойлау әрекетімен, мақсатымен, тілдік бірлікті жұмсаудағы ниетімен, стратегиясымен, сөйлеушілердің коммуникативтік типтерімен тығыз байланыста екендігі мәлім.Адамдар белгілі бір сөйлеу әрекетінің типін таңдай отырып, сөйлеу әрекетін жоспарлайды. Тіл біліміндегі стратегияұғымы сөйлеуді жоспарлау әрекетіне байланысты туындайды. Стратегиятермині тілші ғалымдардың еңбегінде кеңінен қолданылатын ұғымға айналды. Тіл білімінде ұғым мына мәндерде жұмсалады: 1) ғаламдық коммуникативтік ниет, адресаттың санасына өзгерістер енгізу және оны әлем моделін түзу үшін қолданылатын сөйлеу механизмі; 2) саяси қатынастағы қақтығысты басқару ұстанымы; 3) мәдениетаралық іскери қатынасты ұйымдастырудың жаһандық үлгісі; 4) қатынастың фатикалық қызметін жүзеге асыру. Стратегиясөзінің көп мәнділігіне қарамастан, оның лексикалық мағынасында нақты бір мақсатқа қол жеткізуде іс-әрекетті кешенді жоспарлау түсінігі бар.Бұл мақалада әлеуметтік желі қолданушыларының сөйлеу стратегиясы мен соған сәйкес олардың коммуникативтік типтері қарастырылады. Әлеуметтік желідегі қарым-қатынас жеке хабарламалар (жекешелік), жаңалықтар (көпшілік), коментарийлер (көпшілік талқылау) тәрізді негізгі үш арна арқылы жүзеге асады. Мақалада осы қарым-қатынас арналары негізінде желі қолданушыларының стратегиялық бағыты және соған сәйкес олардың коммуникативтік типтері сипатталады. Әлеуметтік желі қолданушыларының негізгі деген коммуникативтік типтері белсенді тілекшілер.