Аңдатпа
Қазіргі медиа кеңістік коммуникативті кеңістікке қатысушылардың қарым-қатынасының сипатын өзгерте отырып, қарқынды дамып келеді. Әлеуметтік желілер ортақ медиа кеңістіктің ажырамас бөлігіне, қоғамдық сананың экспрессорына, сондай-ақ адамның қор-шаған шындықты игеруінің өзіндік тәсіліне айналды. Әлеуметтік медианың қарқынды дамуы және олардың қоғам өміріндегі маңызы әлеуметтік желіні жан-жақты зерттеуді қажет ететін құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Әлеуметтік медиа –БАҚ пен медиа компаниялардың стратегиялық жақтанажырмас бөлігі. Дегенмен сол әлеуметтік медиаға қарасты әлеуметтік желілердің ресми сайттарда ор-наласуы мен аудиториясына байланысты бірнеше ерекшеліктерді ескеру қажет. Әлеуметтік желілер он жылға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, осысалада дамыту технологиялары жеткілікті зерттелмеген. Әлеуметтік желіде серпінді, үнемі жаңа трендтер мен дамыу әдістері пайда болады А.А. Гиниятова1, А. Әлжан11Сүлеймен Демирел атындағы университет, Журналистика факультеті,2-курс магистранты, Алматы, Қазақстан