«МҰНАЙ ӨҢДЕУДЕГІ ГАЗ ХИМИЯ ҮДЕРІСТЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСЫН (ЖАОК) ДАЙЫНДАУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.80.2.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі заманғы өнеркәсіптегі газ химиясы мен мұнай өңдеудің өзектілігі мен маңыздылығынаназараудараотырып, «Мұнайөңдеудегігазхимияүдерістері»пәні бойынша жаппай ашық онлайн курсты (ЖАОК) әзірлеу үдерісі баяндалады. Ол өндірістің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін технологиялар мен әдістерді дамытудың маңыздылығын атап өтіп, құнды химиялық өнімдер мен отын өндірісіндегі осы үдерістердің рөлін атап көрсетеді. Әлемнің жетекші университеттерінің табысты тәжірибелерін зерттей отырып, ЖАОК құру мен іске асырудағы шетелдік тәжірибені талдауға ерекше назар аударылады. Мақалада тиімді ЖАОК-тың негізгі ерекшеліктері мен құрылымы, соның ішінде курс құрылымының икемділігі, тәжірибелік тапсырмалар мен жобалық жұмыстар арқылы білім алушыларға қолдаукөрсету және кері байланыс механизмдері талқыланады. Курс озық білім беру құралдарына қол жеткізуді және оқу нәтижелерін халықаралық деңгейде таралуын қамтамасыз етеді. Мақаланың нәтижесінде қарқынды дамып келе жатқан салада тиімді жұмыс істей алатын мамандарды даярлау үшін ЖАОК маңыздылығы, сондай-ақ инновациялық және тұрақты даму мүддесі үшін академиялық қоғамдастық пен өнеркәсіп арасындағы байланыстарды нығайтуға курстың қосқан үлесі атап өтілді. Курс білім беру құралдарының кең ауқымына қол жеткізуді, мобильді құрылғыларды қолдауды және форумдар мен пікірталас топтары арқылы студенттер мен оқытушылар арасындағыбайланыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін Coursera платформасында орналастырылады. Coursera сонымен қатар курсты сәтті аяқтағаны туралы бағалау жүйесін және сертификаттар беруді ұсынады, бұл оқытуды пайдалы ғана емес, сонымен қатар тиімді әрі маңызды етеді.