БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ТУРАЛЫ БІЛІМІН КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.80.2.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада биологияны оқыту барысында мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай білім беру мақсатында экологиялық білім берудің әдіс-тәсілдерге анализ жасалды. Сонымен қоса оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру қабілеттерін дамытудың жақсы жақтарын теориямен негіздей отырып, биология пәнін оқыту барысында оқушының жас ерекшеліктеріне сай экологиялық мәдениетін қалыптастыруға көмектесетін қосымша ұсынылды.Соныменқатар әр оқушының өзіндік және жас ерекшеліктеріне экологиялық мәдениетінің деңгейіне зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі таңда, Қазақстанның биоалуантүрлілігінің азаюы және қазба ресурстарды пайдалану нәтижесінде климат өзгерістерінің туындауда және осы жағдайдың алдын алу және экожүйені сақтау үшін адамдардың табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгерте отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды болып табылады.Бұл жердегі негізгі назар аударатын мәселе –тұрақты даму мақсатында Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілікті сақтау үшін білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мәселелерін қолға алу болып табылады.