ПЕДАГОГИКАЛЫҚУНИВЕРСИТЕТТЕ«ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚАНАЛИЗ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.80.2.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аналитикалық химия оқу пәні ретінде химия педагогтерін даярлау жүйесінде ерекшеорын алады. Педагогикалық университеттегі аналитикалық химия курсы студенттерге теориялық білімдерін химиялық анализ практикасында қолдануға және өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес аналитикалық химияны оқыту тек академиялық құзыреттіліктерді дамытып қана қоймай, сонымен қатар белгілі бір кәсіби және әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерді қалыптастырады. Педагогикалық университетте аналитикалық химия курсын оқыту –теориялық білімді меңгеруден (дәрістер курсы), зертханалық жұмыстарды орындаудан және семинар сабақтарынан тұрады. Семинар сабақтарында есептерді шығаруға көп уақыт бөлінеді. Химия ғылымының негіздерін зерттеуде есептерді шығару маңызды орын алады. Есептер шығаруарқылы болашақпедагогтер текхимияны меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар, физикадан, математикадан алған білім деңгейін қолдана білуді талап етеді. Универ-ситеттегі химия курсындағы есептеу тапсырмалары көптеген функцияларды орындайды. Атап айтқанда, студенттерге пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сабақта алынған ақпаратты бекітуге көмектеседі. Мақалада бірнеше әдістерді қолданып, студенттерге «Гравиметриялық анализ» тақырыбы негізінде гравиметриялық фактор, үлгі массасы және анықталатын компоненттің массалық үлесін есептеу мысалдары келтірілген.