АЛГЕБРА КУРСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.86.2.011
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты Мұхаммед әл-Хорезмидің алгебралық трактатына ғылыми-әдістемелік талдау жасау болып табылады. Шындығына келгенде, араб тіліндегі түпнұсқасы «Китаб әл-мұхтасар фи-хисаб әл-жебр уә әл-мүкабала» («Әл-жебр мен әл-мүкабаланы есептеулердің қысқаша кітабы») деп аталатын әл-Хорезмидің бұл трактаты әлемдік математика ғылымының асыл маржаны болып табылады, себебі, ол –бүкіл дүние жүзі бойынша алгебра курсы бойынша жазылған алғашқы оқу құралы. Мақаланың негізгі міндеті -математиканың қалыптасу және даму тарихындағы осы оқу құралының атқарған ролі мен маңызын ашып көрсету. Зерттеудің әдіснамасы шындықты танып-білу және түрлендіру жайындағы философиялық, математиканың қалыптасуы мен дамуы туралы тарихи және оқыту жөніндегі педагогикалық ілімдер болып табылады. Мақаланы жазу барысында ғылыми-зерттеудің теориялық және тарихи-салыстырмалы талдау, жүйелеу-құрылымдау сияқты әдістері пайдаланылды.Жалпы алғанда, математика ғылымының IX-XVI ғасырлардағы қалыптасуы мен дамуына мұсылман халықтарының, оның ішінде Орталық Азия елдері ғалымдарының қосқан үлестері ұшан-теңіз. Жоғарыда аталған трактаттың авторы әл-Хорезми Орталық Азия математикасының IX ғасырдағы аса көрнекті өкілі болып табылады (ол қазіргі Өзбекстан территориясына енетін Хорезм қаласында туылған). Бұл орайда, кеңестік дәуірде Орталық Азиядан шыққан ғалымдардың барлығын да араб ғалымдарыдеп атау үрдісінің берік қалыптасқандығын атап айту керек. Өкінішке орай, тарихи-математикалық әдебиетте негізінен алғанда, еуроцентристік көзқарасқа негізделген осы үрдіс әлі күнге дейін орын алуда. Осы айтылғандар мақала тақырыбының қазіргі күн талаптары тұрғысынан алғандағы өзектілігінанықтайды және математика тарихын осы сияқты «ақтаңдақтардан» арылтып, оны қазіргі заман талаптарына сай, жаңа айқындамалармен толықтыра түсуді қажет етеді. Мұның бүгінгі күн үшін ғанаемес, болашақ үшін де зор маңызы бар. Мақаланың материалдарын жоғары педагогикалық оқу орындарында 6В01501-«Математика», 6В01502-«Математика және физика», 6В01503-«Математика және информатика» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттерге «Математика тарихы» пәнін оқытуда пайдалануға болады.Осыған сәйкес, мұнда мына сияқты ғылыми нәтижелер алынды: а) оқу құралының мазмұны мен құрылымына ғылыми-әдістемелік талдау жасалды; ә) оның әлемдікматематика ғылымының дамуына тигізген игілікті ықпалы анықталды; б) оқу құралындағы математикалық терминдердің мән-мағынасы ашып көрсетілді.