АВТОНОМДЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖҮЙЕНІ ҚҰРУ МАҚСАТЫНДА ҚОЙ МЕН ЕШКІ ТЕЗЕКТЕРІН ЖӘНЕ ҚОЙШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШӨП ҚАЛДЫҚТАРЫН ГАЗИФИКАЦИЯЛАУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-132-3-516-526
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Біздің елімізде қой шаруашылығына келгенде, әрине, ешкі малын ескермеуге болмайды, сондықтан қой шаруашылығының қалдықтарында ешкі тезегін ескеруіміз керек. Ешкілердің көңінің құрамы қой тезегінен ерекшеленетінің зерттеуімізде айырмашылығын анықтап өтеміз. Біздің бірінші зерттеуіміз бойынша, анаэробты ашытып қорыту процесі дамушы елдердің ауылдық жерлерінде, әсіресе Қазақстанда, экологиялық таза жолмен үнемі өсіп келе жатқан энергия сұранысын қанағаттандыру үшін энергияны қалпына келтірудің термиялық емес технологияларының бірі болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты биогаз өндіру үшін ешкі мен қой тезегімен таңдалған арақатынаста араласқан шөп қалдықтарының анаэробты ыдырауының тиімділігі мен өнімділігін зерттеу болды. Шөп қалдықтарынан ешкі мен қой тезегімен араласқан биогаз өндірісі 1:1, 2:1, 3:1 арақатынаста және салмағы бойынша 3:1, көлемі 25 л пластик ыдыста, сақтау мерзімі 29 күн және мезофильді температура диапазонында зерттелді. Нәтижелер көрсеткендей, екі малдың тезектерінде де жоңышқа мен раң қалдықтарымен салмағы бойынша 1:1 қатынасында араластырғанда биогаздың ең көп мөлшері, ал ешкі тезегінде одан жоғары болады. Мұның себебі, араластыру коэффициенттерінің жоғарылауы қоспадағы қалдықтардың көбірек болуын білдіреді, бұл сонымен қатар лигниннің жоғарылауын білдіреді және бұл микробтардың ас қорыту процесін қиындатады. Метаногендік бактериялардың ас қорыту белсенділігінің төмендеуі биогаз шығымының төмендеуіне әкелді. Бұл энергия өндіру процесі дәстүрлі отындардын ауыстырудың оңай жолы екені анықталды.