Аңдатпа
Экожүйе қызметтерін ұсыну және биоәртүрлілікті сақтау мақсатында жерді оңтайлы пайдалану ауыл шаруашылығын басқарудағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Жерді пайдалануды оңтайландыру біріншіден, белгілі бір аумақта жерді пайдаланудың қандай түрлері болуы керектігін, екіншіден, бұл жер пайдалану түрлерін нақты жер торабы бірліктеріне қалай бөлу керектігін қарастырады. Оңтайландыру әдістері әсіресе жерді пайдалану мәселелерін шешу үшін кең таралған; дегенмен, сәйкес әдісті таңдауды мүмкіндігі жоқ. Оңтайландыру әдістерінің нақты жағдайды зерттеу және қолдану мүмкіндігін арттыру мақсатында бұл зерттеу жұмысында ауыл шаруашылығы жерді пайдаланылатын оңтайландыру әдістеріне шолуды ұсынамыз. Бұл жұмыста жерді пайдалануды оңтайландырудің әдістерін жіктеу әдістерін пайдалан отырып шешімдерді қабылдау әдістерін жіктейміз және әр әдіске жеке жеке талдау жасап, олардың қолданылуын саралаймыз, сонымен қатар, жерді пайдалануды оңтайландырудің алгоритмдерін өзара салыстырып зерттеп талдаймыз. Болашақ зерттеушілер үшін жерді пайдалануды оңтайландырудің ең тиімді әдістері ұсынылады.