Аңдатпа
Бұл мақалада 2020 жылы шыққан Windows 10 операциялық жүйеде (ОЖ) туындайтын қателіктер мен олардын алдын алу жолдары мен әдістеріне зерттеу жүргізу болып табылады. Windows операциялық жүйесінде туындайтын қателіктерді зерттеп, оларды түзеу үшін ұсыныстар жасау осы мақалада зерттеледі. Операциялық жүйе құру принциптері, қолданыстағы операциялық жүйелерде жиі кездесетін қателіктерді талдау жұмыстарын жүргізуге арналған. Windows операциялық жүйесін басқа жүйелермен саластыру және Windows операциялық жүйесінде туындайтын қателіктерді және туындау себептерін анықтау көрсетілген. Windows операциялық жүйесінде туындайтын қателіктерді жою бойынша ұсыныстар құра отырып оларды алдын алу болып табылады. Windows операциялық жүйесінде туындайтын қателіктерді зерттеу және оларды жою жолдары бойынша ұсыныстар болашақта операциялық жүйенің жаңа нұсқасында қателіктерді алдын ала жою мәселелері қарастырылды. Және де, 2020 жылы шыққан Windows 10 операциялық жүйесінде туындайтын қателіктер мен олардын алдын алу жолдары мен әдістеріне зерттеу жүргізіледі. Түзетуді қажет ететін өзекті қателіктің бірі кәсіпорындардағы домен контроллерлері Kerberos түпнұсқалығын тексеру және Kerberos билетін жаңарту мәселелеріне тап болуы мүмкіндігі болып табылады. Операциялық жүйе құру принциптеріне шолу жасалынады. Қолданыстағы операциялық жүйелерде жиі кездесетін қателіктер талданады. Windows операциялық жүйесін басқа жүйелермен саластыру жүргізіледі. Windows операциялық жүйесінде туындайтын қателіктерді және туындау себептерін анықталады. Windows операциялық жүйесінде туындайтын қателіктерді жою бойынша ұсыныстар құрылады. Сонымен қатар, windows 10 операциялық жүйесі кіріктірілген қауіпсіздік саясатын баптау бойынша ұсыныстар қосымша ақпарат ретінде келітірілді.