Аңдатпа
Мақалада кондитерлік өнімдерді өндіру процесін автоматтандыру маңызды өндіріс процесінің тиімділігін көрсетіледі. Рецепт дайындау және араластыру кешенін құрайтын негізгі механизмдерді автоматтандыру қажеттілігі мақаланың негізгі мақсаты болады. Автоматтандырудың арқасында қолмен орындалатын жұмыс пайызы айтарлықтай төмендейді. Matlab бағдарламасында Fuzzy логикалық контролерінің көмегімен математикалық жүйе әзірленеді. Tia Portal бағдарламасында кондитерлік өнімдерді дайындаудың жобасы әзірленеді. Кондитерлік өнімдерді дайындауға арналған технологиялық желі, яғни ингредиенттерді дайындау, араластыру, қалыптау, салқындату жене ораумен таныстырылады. Кондитерлік өнімдерге қандай ингредиенттер қосатынын, олардың қалай араластырылатынын, қалай қалыптау пішінге келтірілетінін және сол жасалған қалыпты сақтап тұру үшін салқындатылу керек екендігі қарастырылады. Қазіргі заманғы кәсіпорындардың көпшілігі адам факторының өндіріс процесіне әсерін азайту үшін көп жұмыс істейді. Кондитерлік өнімдерді өндіру процестерін автоматтандыру, өндірушілерге бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе жатқан нарықтың талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті құралдарды ұсына отырып, автоматтандыруды енгізу және үнемі инновацияларды енгізу және өз процестерін жетілдіру арқылы кондитерлік өнімдерді өндірушілер тиімдірек, өнімнің жоғары сапасына және сайып келгенде табысқа қол жеткізе алатыны көзделген .