ТУРИСТИЧЕСКИЕ РЕСУРСЫ КАК ФАКТОР РАЗВИТИЯ КУЛЬТУРНО-ДОСУГОВОГО СЕРВИСА ЭТНОПЕДАГОГИЧЕСКОЙ НАПРАВЛЕННОСТИ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.73.2.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстандағытуризмнің этнопедагогикалық маңыз дылығыбірқатар факторларға байланысты. Біріншіден, туризм саяхатшылардың, сондай-ақ жергілікті халықтың ой-өрісін кеңейтуге және мәдени тәжірибесін байытуға көмектеседі, бұл маңызды этно педагогикалық мәнге ие. Туризм арқылы әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлермен өзараәрекеттесу толеранттылыққа, әртүрлілікті құрметтеуге және мәдениетаралық қатынастарды түсінуге ықпал етеді.Сонымен қатар, Қазақстандағы туризм білім беру және ұстаздық жұмыс үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Туристік қызығушылық тудыратын орындар мен объектілер тарих, география, экология және басқа да көптеген пәндерді нақты ортада оқуға болатын тірі оқулықтарға айналады. Жалпы, Қазақстандағы туризм азаматтық және мәдени бірегейлікті қалыптастыруға, мәдениетаралық диалог пен қоғамдастықтың бірлігін нығайтуға ықпал ете отырып, білім беру үдерісінде маңызды рөл атқарады.Бұл ғылыми мақаланың негізгі мақсаты – Қазақстанныңтарихи-мәдени әлеуетін саралап, этно педагогикалық білімді дамытуда тиімді пайдалану.Туризм саласындағы этномәдени құндылықтар – орасан зор интеллектуалдық байлық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, халықтардың мәдени-адамгершілік дәстүрлерін, ұлттық жасампаздық үдерістерін жаңғыртудың сарқылмас резерві.Бүгінгі таңда туризм саласының ең маңызды міндеті туристік қызметтерді жетілдірумақсатында өңірдің тарихи-мәдени әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады. Тарихи, мәдени және табиғи жағдайларды дұрыс үйлестіру Қазақстандағы туризмді дамыту үшін жақсы негіз және перспективалар жасайды.Осыған байланысты білім беру ортасындағы мәдениетаралық қарым-қатынастағы этномәдениеттің рөлін қарастыру тұлғааралық, этносаралық, мәдени және өркениеттік өзара әрекеттесуді зерттеу үшін қолайлы. Қазіргіжағдайда туризм арқылы халық педагогикасын зерттеу халықтық педагогикалық сананың, ұлттық педагогикалық ойдың бастауларын талдауға кең де бай өріс ашады.