ЕКІ ЖАЗЫҚТЫҚТЫҢ ҚИЫЛЫСУ ТҮЗУІН ПРОЕКЦИЯЛЫҚ СЫЗБАДА САЛУДЫ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕС

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.73.2.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мектеп оқушыларына геометрияны оқыту барысында түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін жəне екі жазықтықтың қиылысу түзуін салуды үйрету үшін көптеген салу əдістерін игеруі қажет. Мақалада осы мəселе туралы айтылып, оны шешу үшін жалпы білім беретін мектептердің геометриядан оқу бағдарламасы мен оқулықтарындағы есептер мен олардың түрлері, есептерді шығару жолдарын анықтау, талдау, шешу əдістемелері мен кездесетін қателіктермен жұмыс істеу, стереометрия курсындағы жазық жəне кеңістіктік фигураларды кескіндеуді елестетуге арналған графиктер мен салыстырмалы суреттер, салу əдістерінің нəтижелілігін айқындайтын зерттеу жұмыстары қарастырылған. Зерттеу жұмысының мақсаты – жоғары сыныпта геометрия курсын оқытуда оқушылардың проекциялық сызбада түзу мен жазықтықтыңқиылысу нүктесін жəне екі жазықтықтың қиылысу түзуін салу əдістерін оқытуды оңтайландыру жəне есептерді шешуге əдістемелік ұсынымдар жасау, тақырыптың маңыздылығы мен мəнін ұғындыру. Зерттеу əдістері - зерттеу мəселесі бойынша отандық жəне шетелдік əдебиеттерді, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің геометриядан оқулықтар мен оқу құралдарын зерделеу жəне теориялық талдау, педагогикалық іс-тəжірибелерді талдау жəне жалпылау. Авторлар мақалада мектеп оқушыларына проекциялық сызбада түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін жəне екі жазықтықтың қиылысу түзуін салу үшін алгоритмдік қадамдарды жəне оларды нақты есептермен көрсетіп, əдістемелік нұсқаулар ұсынады. Ұсынылған əдістеменің тиімділігін анықтау үшін Алматы қаласының No208 мектеп-гимназиясында жəне 125 HIGH SCOOL мектептер желісінің ТОО “Academ Education” мектептерінде педагогикалық эксперимент жүргізілген . Нəтижелер жоғары сыныптарда проекциялық сызбада түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін жəне екі жазықтықтың қиылысу түзуін салуды оқыту бойынша əдістеменің тиімділігін көрсетіп отыр