МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫ –ЕУРОПАДАҒЫ ТҮРКІ ЭМИГРАЦИЯСЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕГІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.81.2.024
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тарихта белгілі тұлғалар өмір сүрген заманның әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени ахуалын зерттеуде эпистолярлық мұраның маңызы зор. Осы мұра арқылы біз әртүрлі заман адамдарының өмір салтымен, жазу нақышымен және мәдениетімен танысамыз. Жеке тұлға хаттарынан олардың психологиялық бейнесі жәнеөзіндік ой елегінен өткен заманның мәні көрінеді. Бүгінгі күні хаттар, сондай-ақ психологиялық құжаттар әлеуметтанушылардың, тарихшылардың және басқа саладағы зерттеушілердің айрықша назарын аударып отыр. Мұстафа Шоқайдың хаттары –Еуропадағы түркі эмиграциясының қоғамдық-саяси өмірін сипаттайтын деректердің айрықша түрі. Эпистолярлық дәстүрдің негізгі арнасына түсе отырып, біз осы мұра негізінде түркі эмиграциясы өкілдерінің өзара қарым-қатынасын бажайлап, олардың белгілі бір қоғамдық-саяси және әлеуметтік қатынастардың дамуындағы рөлін бағалай аламыз. Шоқайдың эпистолярлық мұрасы –түркі халықтары тарихын бейнелейтін деректердің әлі толық зерттелмеген мол қазынасы. Мұстафа Шоқайдың ғылыми еңбектері, саяси жарияланымдары мен хаттары –ұлт тарихы қайнар көздерінің маңызды бөлігі, сондай-ақ олардың негізінде түркі халықтары тарихындағы «ақ таңдақтар» зерттелетін болады, олар зерттеушілерге Еуропа-дағы түркі эмиграциясының тарихын объективті түрде зерттеуге жәрдемдеседі. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты –Мұстафа Шоқайдың эпистолярлық мұрасындағы түркі эмиграциясы тарихының нарративтерін анықтау және талдау.