МЫҢТӨБЕ ҚОРЫМЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕУ ДӘСТҮРІНІҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.81.2.023
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мыңтөбе қорымы Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Ғани Мұратбаев ауылынан оңтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Қорымда 600 –ден астам оба бар. Бұлардың пішіні шеңбер, тамшы және тақия тәрізді. 2017 жылға дейін қорымдағы қабірлердің құрылымы, жерлеу дәстүрі мен материал-дық мәдениетінің қандай екендігі белгісіз болып келген. Аталмыш жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археологтары No1 және No3 обаларда қазба жұмыстарын жүргізіп алғаш рет жерлеу дәстүріне қатысты деректер алған болатын. Осыдан кейін бұл қорымда 2022 жылға дейін зерттеу жұмыстары жүргізілмеді. Араға бес жыл салып Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен қазба жұмыстары қайта жалғасын тапты. 2022 жылы екі, 2023 жылы бес обадан жерлеу дәстүріне, дүниетанымға және материалдық мәдениетке қатысты құнды деректер алынып, бірқатар мәліметтер легі жинақталды. Бұл мәліметтер Мыңтөбеқорымындағықабір құрылы-мын, жерлеуден алдын және жерлеу кезіндегі рәсімдері мен жерлеуден кейін арқарған культтік жоралғы-ларын және дүниетанымын белгілі мөлшерде қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мақалада осы күнге дейін қазылған обалар жайында тұтастай мәлімет келтірілген. Осыдан кейін қабір-лердің түрлері, жасалу технологиясы, жерлеуге дейін және жерлеу кезіндегі рәсімдері мен жерлегеннен кейіңгі культтік жоралғылары қарастырылып жерлеу дәстүрінің болжамды реконструкциясы жасалған