ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІП ТАҢДАУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.79.2.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгібәсекелестік өршіп тұрған заманда табысты еңбек етудің бірен бір шарты кәсіпті дұрыс таңдау екені рас. Осы тұста мектеп оқушыларының жоғары сыныпқа келген уақытынан бастап кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу –олардың болашақтарына бағдар берумен байланысты шара болмақ. Мақала орта мектеп оқушыларының мамандық таңдауына арналады. Мақаланың негізгі мақсаты-жоғары сынып оқушыларын дұрыс бағдарлаудың ең жақсы тәжірибелері туралы хабардар ету және олардың мамандық таңдауына әсер ететін факторларды анықтау. Орта білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар мектепті бітірер алдында іс-шаралар ретінде ғана емес, сондай-ақ бірге жалпы білім беру үрдісініңайырылмас бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл қазіргі заман талабына сай дамыған тұлғаны қалыптастырумен қатар оқушылардың болашақ өмір мен жұмысқа дайындаумен тығыз байланысты болып келеді. Мақалада тұлғаның заманауи талартарға сай кәсіби бағыты мен жалпы дамуына әсер ететін негізгі психологиялық факторларды қарастардық.Мақалада қазақ зиялалыраның кәсіп таңдауда берген ұсыныстары педагогикалық және психологиялық, қоғамдық маңызлығымен сипатталып түсіндіріледі. Сондай-ақ, бүгінгі ғалымдар тұжырымдары да талданады. Олар көзқарастары мен ұсыныстарының өміршеңдігімен қолданысын байқау мақсатында диагностикалық жұмыстар сауалнамалар алу мен сұрақ-жауаптар арқылы анықталады. Нәтижелері арнайы диаграмма арқылы көрсетіліп, қорытынды жұжырым жасалады. Мақала соңында нақтылы ұсыныстар беру арқылы жоғары сынып оқушыларының кәсіп таңдауына бағдар жасалады.