ЕРЕКШЕ БІЛІМ ҚАЖЕТТІГІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ҮРДІСІНДЕ, ӘЛЕУМЕТТІК-КОГНИТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.79.2.024
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Берілген мақалада білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттігі бар (ЕББҚ) оқушыларға бағдарланған арнайы жағдайдың тиімділігін арттыру арқылы, олардың әлеуметтік-когнитивті дағдыларын дамыту үрдісі зерттелді. Қалыпты білім кеңістігіне ЕББҚ оқушылардыңжылдам әрі оңтайлы қосылуларын қамтамасыз ететін психологиялық қолдауқызметіндегі әдістердің тиімділігі талданды. Эксперименттік жұмыстар ауыл және қала мектептеріндегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қазіргі жағдайларын салыстыра зерттеуге бағдарлана отырып, келесі мәселелердің анықталуына ықпал етті: білім беру ұйымдарында ЕББҚ оқушылардың оқу қиындықтарын еңсерудің психологиялық стратегияларын құру; олардың когнитивті дағдыларын дамыту үшін нейропсихологиялық жаттығулар кешенін әзірлеу. Аталған мәселелер келесі іс-шаралар арқылы қамтамасыз етілді: ерекше білім беру қажеттігініңпсихологиялық себептері сараланады; ЕББҚ оқушылардың оқу жетістіктерінің индикаторлары құрастырылды; әлеуметтік-когнитивті дағдыларды дамытудың тиімді әдістерііріктелді. Зерттеу жұмыстарына ЕББҚ оқушылардың ұстаздары және ата-аналары да тартылды. Педагогикалық ұжым мүшелерін «кәсіби күю» синдромынан сақтандыру мақсатында, оларды кәсіби-психологиялық қолдау тренингтері жүргізілді. ЕББҚ оқушылардың отбасында еркін дамып, ортада тиімді әлеуметтенуі және мектепте табысты оқулары үшін, ата-аналарды тағаттылыққа баулуға бағдарланған заманауи-психологиялық стратегиялар кешені әзірленіп, ұсынылды. Жамбыл облысы аудандары және Тараз қаласының білім беру ұйымдарында жүргізілген эксперименттік жұмыстар нәтижесінде,ЕББҚ оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі инновациялармен толықтырылып, олардың нәтижеге бағдарлана, жаңаша жұмыс істеулеріне мүмкіндік аясын кеңейтті. «Әр оқушы –жеке назарда» концепциясы шеңберінде, мектептердегі білім беру ортасы әр баланың даралық ерекшелігін қабылдап, құрметпен қарау және мамандандырылған қатынас негізінде, олардың оқу үлгерімдерінің жақсаруына қол жеткізді. Зерттеу нәтижелері инклюзивті білім берудің психологиялық мәселелерін шешу үрдісін оңтайландыра отырып, мектептердің оқу-тәрбие кеңістіктерінің когнитивті әлеуетін арттыруға оң әсер етті. М.П. Оспанбаева¹*, А.К. Рысбекова², Р.С. Кинжекова3, П.И. Искакова², Ж.Б. Бураева² ¹М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, ҚР, Тараз қ.²Қ.А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті, ҚР, Түркістан қ.3Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, ҚР, Орал қ.