БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАДАҒЫ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУДЫҢ РОЛІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.79.2.011
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі –болашақ педагогтарды инклюзивті ортадағы кәсіби қызметке психологиялық дайындаудың ролінеа арналған. Кәсіби қызметке дайындаудағы психологиялық дайындық айрықша салмақты ролін аша отырып, оның эмоционалды интеллектімен тығыз байланысын негіздейді. Өйткені ол инклюзивті білім беру ортасына ауыртпалықсыз бейімделуге көмектесетіндігін қазіргі практика дәлелдеуімен тұжырымдайды. Авторлар психологиялық дайындықты күрделі синтетикалық білім ретінде қарастыра отырып, оның құрылымдық мазмұнын ынталық-эмоционалды, танымдық компоненттер тобынан тұратындығын пайымдайды. Зерттеу әдістеріненбілім беру ортасында педагогтардың өзара әрекеттесу үдерісіндегі психологиялық кедергілер” (Е.С.Слюсарева) сауалнамасы мен В.В.Хитрюк, И.Н.Симаева, Е.И.Пономареваның болашақ педагогтардың инклюзивті дайындығы сауалнамаларының авторлық өңделген нұсқасы қолданылған. Зерттеу қорытындысында болашақ педагогтарды кәсіби қызметке, психологиялық дайындау инклюзивті мәдениет пен практикаға ену барысында туындайтын психологиялық қиындықтардың алдын алуға көмектесетіндігін дәлелдейді.