Аңдатпа
Халықтың қартаюы –әлем елдерінің қазіргі тенденциясы. Медицинадағы үлкен жетістіктер қарт адамдардың өмір жасын және жұмысқа қабілеттілік деңгейін ұзартуда. Бірақ осы жас кезеңдегі өзгерістерге бейімделу, қиындықтармен дағдарыстарға қарсы тұруда өздерінің жеке ресурстарын қолдану, қартаюдың жеке стратегиялары әлеуметтік-психологиялық факторлармен тікелей байланысты. Аталған жұмыста қарт адамдардың өмірлікбелсенділігін сақтауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-психологиялық факторлар талданады және оларды белсенді іс-әрекеттерді жүзеге асыруда тұлғалық факторлар бөліп көрсетіледі. Еліміздегі қарт адамдардың белсенділігін арттырудағы әлеуметтік саясат пен жүзеге асыру тәжірибесі талданады.