Көліктік-логистикалық орталықтар менеджментінің оңтайлы құрылымының бизнес моделі

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2024-147-2-37-47
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Көліктік логистика - бұл логистикалық тізбекте бірыңғай экономикалық нәтиже алуға бағытталған тауарларды тарату үдерісінің қатысушылары болып табылатын көлік кәсіпорындары. Бұл мақалада компания өнімділігінің өсуінің негізгі факторлары және басымдықтарды бөлу жүйесі қарастырылады. Сондай-ақ, негізгі көлік тораптарында, негізінен облыс орталықтарында көліктік-логистикалық орталықтарды салу және жаңғырту жолымен көліктік-логистикалық жүйелерді кеңейту қарастырылуда. Қолданылатын жобалардың орындылығы классикалық модельдеу әдісімен құрылған регрессиялық талдаудың көмегімен дәлелденеді. Көліктік-логистикалық орталықтар менеджментін оңтайлы басқару дәстүрлі басқару әдісімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие, және де негізгі топтардың талаптарын теңдестірілген есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Көліктік-логистикалық орталықты басқарудағы менеджмент моделі бес арнайы басқару үдерісіне сүйенеді. Жалпы бұл талдау ықтималдылықтың классикалық негізгі әдістері болып табылады, яғни кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін толықтай зерттейді. Модель бес арнайы басқару үдерістеріне негізделген. Жеткізу тізбегінің қызметін зерттеу кезінде бірыңғай жоспар шеңберінде шикізатты жеткізу, өнімді дайындау, жеткізу және қайтару үдерістерінің қиылысы қарастырылады, оған сәйкес тізбектің барлық серіктес компанияларының қызметі үйлестіріледі Компаниялар жеткізу тізбегіндегі өз орнын және жұмыс тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін жақсы түсінуі қажет.