Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі геометриялық өрнектер

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2024-147-2-77-86
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада геометриялық өрнектерді пайдалану ислам өнерінің ерекше ерекшеліктерінің бірі ретінде қарастырылды. Ислам математиктерінің, астрономдарының және ғалымдарының айтарлықтай интеллектуалдық үлесі осы бірегей жаңа стильді жасау үшін қажет болды. Орта ғасырда сәулет өнерінің оның гүлдену кезеңі тепе – теңдік ілімі-үйлесімділік ілімі болды. Сондықтан геометриялық статика геометриялық үйлесімділік ілімінің бір бөлігіне айналады. Міне осыдан бастап құрылымның сәулеттік-кеңістіктік пішімі мен оның құрылымын үйлестіру әдісінің бірлігі көрінеді. Осы кезден сәулет өнерінің негізі деп геометриялық әдістер ортағасырлық Шығыс сәулетінің қалыптасуы мен дамуында үлкен маңызға ие болған сәулет өнерінің жетекші идеялар жүйесіне айналды. Математикалық ғылымдардың жаңа жіктелуіне байланысты тұжырымдалған тәжірибені жалпылау ретінде қалыптасқан ортағасырлық Шығыстың сәулетшілерінің, өрнек пен геометриялық өрнектермен айналысқан суретшілерінің еңбектері көптеген ұрпақтардың дүниетанымының бағытына шешуші әсер етті. Сонымен қатар тәжірибенің өзінен, құрылыс-көркемөнер өндірісінің тәжірибесінен теория негіздер туындай отырып, геометриялық өрнектерді қолдану ауқымы кеңейе бостады. Сонымен қатар ғимараттың кеңістіктік құрылымы, сәулеттік құрылымдардың тепе-теңдігі, тұтастай алғанда құрылымның тұрақтылығы мен беріктігі, геометриялық өрнек сияқты геометриялық теориясы мен тәжрибелік мәселелерін қамтыды. Осындай геометриялық өрнек пен сәулеттік құрылымдардың тепе-теңдігін сақтай отырып, Ортағасырлық Қожа Ахмат Ясауи кесенесі болды. Бұл ғимарат Әмір Темірдің мемлекетінің Исламды насихаттау мен тарату, идеологиялық және саяси сипаты болды. Қожа Ахмат Ясауи кесенесі өзінің ауқымдылығымен, дизайнның ұлылығымен ерекшелене отырып, кешеннің дегенмен көлемдік-кеңістіктік түсіндірмесі қарапайым. Сонымен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сыртқы көрінісіндегі, қасбеттеріндегі геометриялық өрнектер осы теория негізінде салынғанын және басқа да геометриялық заңдылықтарын зерттеу мәселесі қарастырылған.