FORMATION OF THE CONCEPTUAL ASPECT OF THE SPEECH INPRIMARY SCHOOL CHILDREN WITH AUTISM SPECTRUM DISORDERS

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.69927/dxkd2815
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргіуақытта аутистік спектрлі бұзылысы бар балалар дефектологтардың, логопедтердің, психологтардың және аутизмнің пайда болу теорияларын белсенді зерттейтін, диагностикалық тәсілдерді дамытатын, сондай-ақ кешенді диагностиканың әртүрлі технологияларын және осы санаттағы баланы тәрбиелеп отырған отбасын түзетудің, сүйемелдеудің әртүрлі әдістерін жасайтын басқа мамандардыңназарын өзіне аударып отыр. Аутистік спектрлі бұзылысы барбалалардың негізгі проблемаларының бірі –сөзді түсінбеушілік, оның ұғымдық жағының бұзылуы, логикалық ойлаудың болмауы, эмоционалды байланыстың болмауы, нәтижесінде ерте жаста баланың коммуникативті сөйлеу дағдылары мен қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптаспауы мен дамымауы.Мақаланыңмақсаты –аутистікспектрлі бұзылысы бар бастауыш мектеп жасындағы балаларда сөйлеудің ұғымдық беріктігін қалыптастырудың оңтайлы әдістерін пәндік-практикалық іс-шаралар арқылы зерттеу және олардың тиімділігін анықтау.Зерттеу әдістері–психологиялық дамудың түрі ретінде белгілі ғалымдардың, атап айтқанда, К.С.Лебединскаяның, Е.Р. Баенскаяның, Л.С. Выготскийдің, О.С. Никольскаяның, М.М. Либлингнің, М.И.Лынскаяның, Р.А.Сулейменованың, Г.А. Ильмуратованың,А.К. Ерсаринаның, З.Б. Джангельдинованың, З.Б.Айтжанованың зерттеу еңбектеріндегі аутистік спектрлі бұзылысы бар балалартуралы көзқарастары, ой-пікірлерінегізге алынды.Қорытындылайкеле, зерттеу проблемасы бойынша, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер талданды, аутистік спектрлі бұзылысы бар бастауыш мектеп жасындағы балалардағы сөйлеудің ұғымдық беріктігінің даму деңгейі аңықталды. Қалыптастырушы экспериментті жүргізу үшін жаттығулар бейімделіп, құрастырылды және тәжірибе барысында қолданылды. Соңында, алынған қорытындылар бойынша зерттеу нәтижелері анықталып,мектеп оқушыларына эксперимент ретінде қолданылып, анализ жасалып, гипотеза анықталып, математикалық ситатиска динамиканегізінде өңделді.