Аңдатпа
Мақала жылыту радиаторы мен бөлмедегі ауа арасындағы жылу алмасу процесін басқару жүйесінің үлгісін ұсынады. Эксперименттік жабдық ретінде автоматтандыру және басқару кафедрасында жасалған зертханалық стенд пайдаланылды, онда екі радиатор және B&R контроллері және бақылау-өлшеу құралдары орналасқан, бұл Matlab бағдарламалау ортасында Simulink-те модельдеуге мүмкіндік береді. Модельдеу кезінде негізгі технологиялық параметрлер ретінде жылу алмасу коэффициенті, температура және жылу алмастырғыштағы сұйықтық шығыны алынды. Нәтижесінде, жүйедегі ағын жылдамдығының жоғарылауымен радиаторлардан қоршаған ортаға түсетін температура төмендейтіні дәлелденді, сондықтан қыздыру тиімділігі төмендейді, ал керісінше, ағын жылдамдығы төмендеген кезде температура тым жоғарылалайды, дегенмен бұл өте тиімді емес, себебі шамадан тыс жылу жоғалады. Модель жылу беру тиімділігін арттыратын радиаторлардағы сұйықтық ағынының оңтайлы жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл модель «Жылу беру процестерін модельдеу» зертханалық стендін пайдалану барысындағы мәліметтермен жұмыс жасайды және болашақта жылу алмасу үрдістерін модельдеуде қолданылады