ҚАТТЫ ДИЭЛЕКТРЛІК МАТЕРИАЛДАРҒА ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫЛЫС ӘСЕРІНІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СОҚҚЫ-ТОЛҚЫНДЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-130-1-502-514
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Импульстік генератордың разряд контурының жұмысын сипаттайтын, тесіп өту арнасы плазмасының кеңеюін, диэлектрик материалдардағы соққы – толқындық әсерлердің генерациясын және таралуын дәйекті түрде сипаттайтын қатты диэлектрлік материалдардағы электрлік жарылыстың физикалық-математикалық моделін пайдалану қарастырылады. Атап айтсақ, разряд контурының параметрлеріне байланысты материалдың бұзылу кескінін болжау үшін электрлік жарылыс әсері кезіндегі энергетикалық сипаттамалары мен соққы - толқындық ұйытқуына талдау жүргізіледі. Төзімді материалдардың электрлік жарылысқа байланысты бұзылуына қатысты разряд контурының параметрлері мен соққы толқынның энергетикалық сипаттамалары арасындағы байланыс талданады. Зерттеулер Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі, Ғылым Комитетінің қаржыландырылуымен (АР09058149 гранты. Темір-бетон бұйымдары мен қатты қалдықтардың электр разрядты бұзылуын оларды өңдеу мен кәдеге жаратудың мобильді кешенін әзірлеу үшін зерттеу) С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жүргізілді. Жұмыс нәтижелері «Ш» типті темірбетон шпалдарын қайта өңдеуге арналған қондырғыларды құру үшін пайдаланылуы мүмкін.