Аңдатпа
Нашар көретін адамдарға арналған құрылғы - маңызды тақырып. Көру қабілеті бұзылған адамдар күнделікті өмірде әртүрлі кедергілерге тап болады. Бұл жобада, нашар көретін адамдарға арналған навигация жүйесі ұсынылады. Атап айтқанда, осы зерттеудің мақсаты пайдаланушыларға таныс және таныс емес жерлерді бағдарлауға мүмкіндік беретін сенімді, тәуелсіз және портативті құрылғыны әзірлеу болып табылады. Көру қабілеті нашар адамдар айналасы туралы ақпаратты есту жене соғылу қауіпі бар кедергілер білу үшін, құрылғы арнайы Bluetooth құлаққаптарымен жабдықталады. Сонымен қатар, пайдаланушы сигнал ақпаратын дұрыс қабылдауы үшін ұялы телефонға қосымша жүктеледі.