Аңдатпа
Мақалада қазіргі таңда әлемде іштен жану қозғалтқышты автомобильдерді ығыстырып келе жатқан электр көліктерінің әлемдегі өндірісінің өсу қарқыны және оның нарығының Қазақстан республикасының автомобильдер нарығына әсері жайында, Еуропалық Одақтың «жасыл күн тәртібі», АҚШ пен Қытай автоөндірушілердің соңғы жылдары енгізген шаралары мен электр көліктерін өндіру көлемдерінің арту динамикасы көрсетілген. Сонымен бірге, Еуропалық Одақ және басқа мемлекттерде электр көліктерін өндіру, сату және олардың инфрақұрылымын дамытудағы оңды шешімдері жайлы айтылған. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2022 жыл басынан 2023 жылғы қазанына дейінгі еліміздегі әр-бір өңір бойынша жылдық өсу динамикасы, оның ішіндегі электр машиналарының түрлері бойынша статистикалық мәліметтер келтірілген. Мақалада іштен жану қозғалтқышты автомобильдер мен электр көліктерінің ерекшеліктеріне тоқталып, автор бұл екі көлік түрінің пайдаланушылық (эксплуатациялық) шығындарын есептей келе, жасыл көліктің экономикалық тиімділігін атап көрсеткен. Электр көліктерінің көптеген артықшылықтарына қарамастан, еліміздегі көлік жүргізушілері бұл көлік түріне қазірше ауыспайтындығын айта келе, оның себептеріне жеке- жеке тоқталған. Сонымен бірге, бұл кедергілерді жою шараларын да атап көрсеткен.