Аңдатпа
Конденсациялық электр станциясы (КЭС), жылу бу турбиналық электр станциясы, оның мақсаты конденсациялық турбиналарды пайдалана отырып электр энергиясын өндіру болып табылады. КЭС-да органикалық отын қолданылады: қатты отын, негізінен шаң тәрізді күйдегі әртүрлі көмір, газ, мазут және т.б. отынды жағу кезінде бөлінетін жылу қазандық қондырғысында жұмыс денеге - су буына беріледі. Бұл жұмыста конденсациялық электр станциясының жылу схемасы, электр станциясының қуат беру схемасы зерттелінді, жылу жүктемелері есептелінді, жылу жабдықтарының техникалық сипаттамалары, бу, су және отын шығыны және электр станциясының энергетикалық көрсеткіштері анықталды. Әртүрлі жұмыс режимдерінде салқындатқыштың ағынын оңтайландыру үшін конденсациялық электр станциясының жылу схемасын жетілдіру жолдары ұсынылған.