ЭЛЕКТРОСТАТИКАЛЫҚ ГИРОСКОП РОТОРЫНЫҢ АСФЕРИЗАЦИЯСЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-130-1-97-109
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Электростатикалық гироскоптың роторын оның бетін біркелкі қысыммен алдын-ала өңдеу кезінде асферизациялау процесінің толық теориялық негіздемесі жасалды. Алдымен экваторлық бөлігінде сақинасы бар біркелкі қалыңдықты сфера формасындағы ЭСГ роторы қарастырылады. Асферизация- ротор айналымы кезінде оның бетінің формасында орын алатын екінші гармоникадан құтылуға мүмкіндік береді. Бірақ, бұл кезде ротор бетінің тендеуін Лежандр көпмүшелікке жіктегенде мәні инерциялық күштерден пайда болатын гармоникалардың амплитудалық мәніне жуық жоғары ретті гармоникалар пайда болады. Оларды роторды өңдеу арқылы компенсациялау мүмкін емес. Яғни, экватор төңірегінде масса шоғырланған қабыршықты сфера түрінде жасалған ротор асферизацияны тиімді өткізуге жол бермейді. Аз параметрлер тәсілінің көмегімен өзара компенсацияланбайтын біртекті таралған қысым күшінен және центірден тепкіш күштерден пайда болатын жоғары гармоникаларды есепке алғандағы ротор формасы болып табылады. Есептеулердің нәтижесі асферизацияны жүзеге асырғанда төртінші гармоникадағы майысудың амплитудалық мәні асферизацияға дейінгі екінші гармоникадағы мәннен 10 – ақ есе аз екенін көрсетеді. Бұдан әрі сыртқы беті R – радиусты сфера, ал ішкі жағы ротор экваторының жазықтығына қатысты симметриялы айналу беті болып табылатын ауыспалы қалыңдықты ЭСГ роторының асферизациясы қарастырылады. Жұқа қабықшалардың иілу теориясының теңдеулерінің дәлдігі асферизация кезінде орын алатын екіншіден жоғары гармониканың амплитудалық мәндері үшін сенімді нәтиже алуға мүмкіндік бермейді. Бетін біркелкі таралған қысыммен өңдеген кездегі ротор асферизациясының толық теориялық негіздемесі жасалды. Төртінші гармониканы есепке алғанда ЭСГ роторының асферизациясы туралы есеп кеңістік теориясының көмегімен шешілді. Нәтижесінде екінші, сонымен қатар төртінші гармоникадан құтылу мүмкіндігі туды. ЭСГ – роторының кенеттен тоқтау кезінде ротор беті зақым алмайтындай болып жасалуы керек. Ол үшін ЭСГ роторын фрициялық зақымға төзімді жұқа пленкамен жабады. Ротордың беткі қабаты микроәртекті композитті орта болып табылады. Оның математикалық моделі өзара идеал адгезиямен байланысқан кездейсоқ араластырылған изотропты құрауыштардан тұратын орта ретінде қарастырылады.