ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖЫЛУ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН КОМПРЕССОРЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-131-2-104-117
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Су, жылу сорғыларының құрылғыларын дамытудағы зерттеудің өзекті бағыттарының бірі-өзгермелі спиральды беті бар бұрандалы компрессорлық сорғыларды қолдану. Атап айтқанда, мұндай компрессорларды сыртқы жағдайлардың әсерін болжай отырып, жылу сорғыларында қолдану, оның өнімділігін оңтайландыруға және болжауға мүмкіндік береді. Егер біз басқарудың стандартты аппаратурасына жүгінетін болсақ, басқарудың жеңілдетілген оңтайлы тұжырымдамалары тиімдірек болады. Бұл мақалада, біз осы мәселені қарастырамыз және өзгермелі спиральды беті бар, бұрандалы компрессорлық сорғыларды және шағын өлшемді жылу сорғысы үшін, уақыт бойынша өзгеретін пайдалы әсер коэффициентін, алынған шартқа бейімдеу түрінде анықтаймыз. Біздің шешіміміз, басқару горизонтында өзгеретін сыртқы температура мен жүктеме профиліне байланысты, жылу сорғысының тиімділігінің өзгеруін ескереді. Ұсынылған сорғының конструктивті өзгеруі, бұрандалы компрессорлық сорғылардың спиральды бетін реттеуге, сонымен қатар олардың жұмысын әртүрлі жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік береді, бұл тиімділікті арттырады және қуат көзінің тұтынудағы шығынын азайтады. Сонымен бірге, ақылды басқарудың заманауи технологияларын қолдану, қоршаған орта жағдайлары мен бөлменің қажеттіліктерін ескере отырып, нақты уақыт режимінде сорғылардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған тәсіл компрессорлық сорғыны сынау стендінде егжей-тегжейлі тексерілді және іске асырылды. Бұл жұмыстың ғылыми-техникалық деңгейі, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да кез-келген деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде, әдістер мен әдістемелерді қолдануға негізделген. Бұл жұмысты метрологиялық қамтамасыз ету- Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ кафедрасының зертханалық-техникалық базасымен қамтамасыз етіледі. Қарқынды имитациялық талдау, әдістің дәлдігі мен әлеуетін, соның ішінде практикалық іске асыру тұрғысынан көрсете отырып, тестілеуді толықтырады.