ТҮРІК МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ – ИСТИКЛАЛ МАРШЫНА 100 ЖЫЛ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59182/tudad.1498345
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бірінші Дүниежүзілік соғыстың жалыны Осман түріктерінің мекені Анадолы жеріне де жеткен. Жаңадан құрылып жатқан Түркия Республикасы жан-жағынан тап берген жаумен күресуге мәжбүр. Азамат соғысы басталып кетті. Бұл соғыс ерекше қақтығыс болып Анадолы елінің ғана емес, бүкіл түркі жұрты үшін күреске айналды. Өзінен әлдеқайда басым, техникалық жағынан ұтымды жарақтанған әскери басқыншылыққа қарсы тұруға тура келді. Осындай алмағайып кезеңде Анадолы елінің рухын көтеріп, атын асқақтататын ұран керек еді. Ол - әнұран болатын. Көп кешікпей Ататүрік бастаған ел басшылары жаңа елдің жаңа әнұраны болуға тиіс деген шешімге келді. Сол дәуір түрік оқымыстылары мен танымал ақын-жазушылары маңызды жұмысқа кірісіп кетті. Солардың арасында Мехмет Акиф Ерсой да болды. Мемлекеттік комиссияға жолданған жүздеген ұсыныстардың ішінен Мехмет Акифтің Истиклал маршы менмұндалап алдыға шықты. Себебі ол көпшіліктің құлағына әп-сәтте сіңіп аз уақытта жас пен кәрінің, жарлы мен бай-манаптың күш-қуатын бір арнаға құятын құдыретті сөзге айналды. Қалың жұрттың көңілінен шықты. Мұнда діни наным-сенім мен ұлттық салт-дәстүр біріккендей болды, адами рух пен намыс-қайрат та осы сөзден көрінді. Жаңадан құрылған Түркия Республикасының халқына асқақ рух берді, тар жол тайғақ кешу заманында түрік қоғамын біріктіретін мызғымас күшке айналды. Бұл Акифтің гимні еді. Сол кезде осы өлеңнің жүз жылдан аса уақыт ішінде бірде-бір сөзі өзгермей сол қалпы асқақтата айтылатынын, мәңгілік әнұран болатынын ешкім болжамап еді.