ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨСЕТІН САСЫҚ ҚУРАЙ (FERULA ASAFOETIDA L.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.61.64.030
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Түркістан облысында өсетін сасық қурайдың жер үсті және жер асты бөліктерінің анатомиялық зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеудің мақсаты сасық қурай өсімдігінің жер үсті, жер асты бөліктерін анатомиялық зерттеу және өсімдіктің диагностикалық белгілерін сәйкестендіру болып табылады. Сасық қурай өсімдігінің химиялық құрамы өте бай және қабынуға қарсы, микробқа қарсы, диабетке қарсы, антисептикалық, ас қорытуды жақсартатын қасиеттерге ие. Бұл өсімдік еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында кеңінен таралған. Зерттеу жұмыстары А2098 маркалы «Альтами» микроскобы көмегімен жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша микроскопиялық деңгейде анықталған диагностикалық белгілері өсімдіктің климаттың құрғақ жағдаи ларына төзімділігін көрсетеді.