АРАБ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАНЫМЫНДАҒЫ «СУ» ҰҒЫМЫНЫҢТІЛДІК КӨРІНІСІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.73.2.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

«Су» ұғымы адамзат баласының пайда болған заманынан бастау алғандықтан, араб және қазақ тілдеріндегі әдеби шығармаларда жолығатын сантүрлі атаулар мен тұрақты тіркестердің ең көне құрамына жатады. Қай кезеңде болмасын, араб поэзиясында «су» ұғымы өзіндік нақышпен ерекшеленеді. Сахара шөлінде орналасқан араб халқының Исламға дейінгі өмірі су тапшылығының әсерінен қиыншылықпен және қатігездікпен сипатталды. Жаһилия (Исламға дейінгі) заманындағы араб халқының өмір сүру салты су мен жасыл жайлау (жайылым) іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп-қонуымен танымал. Сол себепті араб тілінде суды қасиетті санау, оған деген махаббат пен құрметтің қалыптасуы кездейсоқ емес. Зерттеуде суға қатысты келген араб тіліндегі тіркестерді қазақ тіліндегі тіркестермен, сөзден туындаған етістіктермен салғастыра зерттеу мақсат тұтылды. Кез келген халықтың ұлттық коды оның тілінде сақталатындықтан, әрбір концептіні зерттеу барысында ол ұғымның халық санасындағы орнын, маңыздылығын аңғаруға болады. Сондықтан бұл мақалада араб танымындағы «الماء» (су) ұғымының тілдік бірліктерін жинақтап, оның қазақ менталитетіне тән «су» концептісіне қатысты фразеологиялық сөз оралымдарымен салғастыра талдау жасай отырып, араб және қазақ тілдеріндегі «الممممممممماءсу» ұғымының тілдегі көрінісін айқындау арқылы екі тілдегі сөз өнерінің басым көпшілігі сол халықтың тұрмыс салты мен күнделікті тіршілігі, діні мен сеніміне байланысты туындағанының куәсі боламыз. Сол себепті қарастырып отырған екі халық тіліндегі ортақтық пен іргелестік тамырын қос халықтың ұқсас көшпенді өмір салтынан, діни дүниетанымынан іздейміз. Зерттеу нәтижелерін араб және қазақ тілін салғастыра зерттеушілер, аудармашылар пайдаланады.