Аңдатпа
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасыныңбастауыш мектептеріндегі сөйлеу тілініңжалпы дамымауы бұзылысы бар оқушылар саныныңкүн сайын артуы, арнайы білім беру жүйесінде өзекті мәселеніңбірі. Осы орайда сөйлеу тілі жалпы дамымауы бар ІІІ деңгейдегі бастауыш сынып оқушыларыныңсөйлеу тілініңлексикалықжағын дамыту жолында әртүрлі әдістемелер мен әдіс-тәсілдер қолданылады. Бұл мақалада сөйлеу тілі жалпы дамымаған ІІІ деңгейдегі балалардыңсөйлеу тілініңлексикалықерекшеліктерін сипаттаған отандықжәне шетел ғалымдарыныңеңбектеріне теориялықталдау жасалған. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған ІІІ деңгейдегі бастауыш сынып оқушыларыныңсөздік қорын диагносткиалықанықтау жұмысы және оныңнәтижелері беріледі. СТЖД ІІІ деңгейдегі балалардыңлексикалыққұрылымын дамытуда қазіргі таңда қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер көрсетілген. Тақырып аясында қазақтыңұлттықойындарыныңСТЖД ІІІ деңгейдегі балалардыңсөздік қорын арттыруда тиімділігі мен артықшылықтары айқындалған. Қалыптастырушы жұмыс жүргізу барысындағы қазақтыңұлттықойындары арқылы дамыту, қазақтыңұлттықойындарын оқыту-түзету жұмысында қолданудыңжолдары мен тиімділігі қарастырылған. Бастауыш сынып оқушыларыныңсөздік қорын дамытуда ұлттықойындарды қолдану жолдары мен мақсаттары тұжырымдалған.