МЕТАМОДЕРННІҢ ҚАЗАҚСТАН ПОП-МУЗЫКАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v9i2.869
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХХІ ғасырдың басында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адамзаттың цифрлық дәуірге өтуіне әкелді, онда жаһандық капитализмнің пайда болуына байланысты барлық мәселелер жаһандық мәртебеге ие болды. Бұл құбылысқа жауап ретінде жаңа жалпы "тіл" - метамодернизм қалыптасты. Cонымен қатар, осы «тіл» уақыт рухының көрінісі болып табылатын музыкада да көріне бастады. Аталмыш зерттеудің мақсаты - осы құбылыстың әртүрлілігін ескере отырып, қазақстандық поп-музыкадағы метамодернизмнің көріністерін анықтау. Зерттеудің міндеттері қазақстандық поп-музыкадағы метамодерндік элементтерді тиісті теорияны пайдалана отырып талдауды қамтиды. Зерттеу бастамасына постструктуралист теориялық перспективасы таңдалып, заманауи поп музыка дискурсын анықтау мақсатында музыкалық этнография әдіснамасын, соның ішінде контент анализ әдісі пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде метамодерндік тенденциялары бар поп-музыканың категориялық ерекшеліктері анықталды. Зерттеудің негізгі қорытындылары қазақстандық поп-музыка өзінің ұлттық бірегейлігін сақтай отырып және қазіргі заманғы үрдістерге сәйкес әлемдік музыкалық мәдениетте өз орнын алатынын атап көрсетеді. Заманауи «сезім құрылымын» көрсететін өзіндік модельді қалыптастырудағы бейнесі сұрыпталады. Бұл зерттеу музыкатану және мәдениеттану тұрғысынан қазақстандық поп-музыканы зерттеуге үлес қосатынына сенемін.