Киберкеңістіктегі юрисдикция қайшылығы: мәселелер мен мүмкін болатын шешімдер (Ұлыбритания мен Канада мысалында)

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51634/2307-5201_2024_2_45
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі заманның ерекшелігі – ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы және олардың адам өміріне етене енуі. Сәйкесінше, қоғамда қалыптасқан ережелерге қайшы келетін әрекеттер орын алуы мүмкіндігі ұлғайды. Заңға қайшы әрекеттер орын алған жағдайда, соттық юрисдикцияны орнату мәселесі қандай? Тіпті, интернет және жалпы киберкеңістік бұл тұрғыда «қараңғылықты» тудырады. Қарқынды дамып жатқан ақпараттық технологияларға қолданыстағы заңнамалардың ілеспеуі мәселе тудырады. Мысалы, киберкеңістікпен байланысты дауларға қатысты соттық юрисдикцияны орнату мәселесі. Киберкеңістік және оның айналасына қатысты тақырыптар бойынша көптеген зерттеу жұмыстары болғанымен де, өкінішке орай отандық доктриналар үнсіз. Сонымен қатар, цифрлық дәуірде сот юрисдикциясын құру да күрделене түсетінін атап өткен жөн. Мысалы, интернеттің шексіз сипаты, пайдаланушылардың анонимділігі және т.б. Сондықтан осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізу өзекті. Айтылып өткендей, отандық доктринада киберкеңістік және соттық юрисдикция тақырыбына қатысты қандай да бір зерттеу жұмыстары жоқ. Сондықтан, зерттеу жұмысын жүргізу барысында шетел заңнамалары, сот істері және осы тақырып бойынша беделді деген авторлардың жұмыстары қарастырылды. Нәтижесінде, соттық юрисдикцияны орнату барысында киберкеңістіктің ерекшелігін ескеру қажеттілігі анықталды. Яғни, қазіргі таңда бұл ерекше ортаны елемей кетуіміз мүмкін емес. Сонымен қатар, киберкеңістіктің «бір мезетте барлық жерде бола тұра, бір жерде болмау» ерекшелігі forum non conveniens принципінің одан әрі қатаң қолданылуына жол ашты.