Аңдатпа
Мақалада әртүрлі семантикалық жағдайдағы психологиялық әсерлер қарастырылып, қазіргі жалпы мәдениеттегі телехикая өзектілігі негізделіп, телевизиялық өнімдер және көрермен қабылдауының негізгі факторлары ескерілген. Бірінші кезекте жаңа технологиялық мәселелерді шешу, бағдарламалар қаралымы жағдайы, өзгерісі, авторлық өнімге және сапаға назар салынуды қажет ететіндігі, оның негізгі сипаты психологиялық құрал ретінде әсер беретіндігі айтылады. Сонымен бірге, телевизияның ғаламтормен қатынасын құрудағы телехикаялардың рөлі туралы да жазылған. Жаңа телехикаялар әртүрлі платформада барынша маңызды медиа феномен болып қалыптасып, телевизиялық рейтингте дәстүрлі әдістерді есепке алуды талап етеді. Сондай-ақ,әлеуметтік зерттеулерді талдап, сапалы әдісті қолдана отырып, әлемдік және отандық телехикаялар моделін қарастырып, ондағы мотив пен жалпы тақырыпты ашады. Қортындыда телехикаяларда мейлінше жиі қолданылып жүрген әлеуметтік теңсіздік мәселелері отбасылық қарым-қатынастар динамикасына негізделгені көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері телевизиялық индустрияның мәдени маңыздылығы мен телехикаялардағы мәдени ерекшеліктің мәнділігін түсінуге көмектеседі. Әлемдік, отандық телевизия мамандарының жұмысын тану, үнемі қолдау, аймақтағы мәдени ерекшелікті алға жылжыту, даму платформасын ұсыну мәселелері мақалада көрініс табады.