ҚЫМЫЗ ӨНДІРІСІНДЕ ТАБИҒИ ҚОСПАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.23-282
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Берілген мақалада зерттеудің негізгі мақсаты - адам денсаулығына пайдалы әсер ететін бие сүті және қымызды өндірудің дәстүрлі әдісін қолдана отырып қара өрік қосылған қымызды алудың сапасы мен технологиясын жаңарту, жаңа құрамды бие сүтінен қара өрік ұнтағы араласқан үлгілеріне арналған ғылыми негізделген рецепттерді құрастырып, пробиотикалық ашытылған бие сүтін дайындау болып табылады. Соңғы уақытта бие сүтін өндіруге қызығушылық арта түсті, себебі оның құрамында көптеген құнды қоректік заттар бар, сонымен қатар денсаулықты жақсартатын қасиеттер бар. Адам мен бие сүтіндегі Ca-P қатынасы сиыр сүтіндегі қатынаспен салыстырғанда Ca-ны сіңіру үшін қолайлы екені көрсетілді. Зерттеу кезеңі нәтижесінде пробиотикалық ашытылған бие сүті, қара өрік ұнтағы, жоғары талшықты және пробиотикалық ашытылған бие сүті дайындалып, қара өрік қосылған қымызды дайындау технологиясы үлгілік сызбасы әзірленді. Осылайша, қымыз өнімінің технологиясын әзірлеу жоғарғы тұтынушылық қасиеттері бар функционалды тамақ өнімдерін құрудың жаңа және перспективалы тәсілі болып табылады.