МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.23-313
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Саланың қарқынды дамуы жағдайында сапаны тиімді басқару осы сектор кәсіпорындарының табысты қызметінің маңызды элементіне айналады. Мақала сапа менеджменті жүйесін қалыптастырудың негізгі аспектілерін анықтауға, сондай-ақ мұнай-газ саласының ерекшелігін ескере отырып, оны дамыту әдістерін зерттеуге бағытталған. Мақалада сапа менеджменті жүйесінің негізгі принциптері, ISO 9001:2015, OHSAS 18001:2008, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 және т.б. стандарттары, сондай-ақ мұнай-газ секторына тән нақты талаптар қарастырылады. Мұнай-газ кешені кәсіпорындарында сапаны басқару жүйелерін енгізудің табысты тәжірибелері талданады, сондай-ақ осы процесте компаниялардың алдында тұрған сын-қатерлер мен проблемалар анықталады. Мақалада сондай-ақ мұнай-газ кешені кәсіпорындарында персоналды оқыту және сапа мәдениетін дамыту мәселелері қарастырылады. Персоналды сапаны басқару процестеріне тартудың және олардың рөлі жүйенің жалпы тиімділігіне қалай әсер ететінін түсінуді қалыптастырудың маңыздылығына баса назар аударылады. Зерттеу барысында алынған тұжырымдар мұнай-газ кешені кәсіпорындарындағы сапа менеджменті жүйесін одан әрі жетілдіруге құнды үлес болып табылады, сондай-ақ энергетика секторындағы сапа менеджменті саласындағы болашақ зерттеулер үшін негіз болады.