ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ ЕКІНШІЛІК ШИКІЗАТЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП НАННЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.23-373
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Нан және нан өнімдері негізгі тағамдардың бірі болып табылады және олардың сапасы қазіргі заманғы тамақтану ғылымының талаптарына әрдайым сәйкес келе бермейді. Бұл мәселені шешудің бір бағыты – халықтың тамақтануын түзету үшін функционалды мақсаттағы нан өнімдерінің жаңа қауіпсіз сорттарын әзірлеу. Мақалада дәнді дақылдарды қайта өңдеудің екіншілік шикізатын қолдана отырып нанның қауіпсіздігіне микробтардың бүліну себептері, зең саңырауқұлақтары мен Bacillus тектес спора түзетін бактериялардың кері әсері қарастырылады. Негізгі зерттеу нысандары дәстүрлі әдіспен және кешенді ашытқымен дайындалған күріш және қарақұмық ұншығыннан жасалған нан өнімдері болды. Күріш және қарақұмық ұншығын енгізу әдісінің көгеруге және картоп ауруына төзімділігіне әсері бойынша зерттеулер жүргізілді.