АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ: ЭКОТУРИЗМ ЖӘНЕ АГРОТУРИЗМ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2024/09
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының факторы ретінде экологиялық және аграрлық туризмді дамытудың теориялық, әдістемелік аспектілері қарастырылған. Экотуризм – туризмнің қарқынды дамып келе жатқан түрлерінің бірі. Сарапшылардың пікірінше, экотуризм бүкіл әлемдік туристік нарықтың 10-20% құрайды. Қазіргі кезеңде туристік қызмет бірте-бірте үлкен индустрияға, туристік қызмет көрсетудің қарқынды дамып келе жатқан саласына айналуда. Сондықтан да эко- және агротуризмді дамытудың маңызы зор. Зерттеу жұмысында туризмді дамыту бойынша ғылыми жарияланымдар мен статистикалық мәліметтерге шолу жасалынды, Қазақстан республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың шаралары, туризмді экономиканың жоғары табысты секторына айналдырудың маңыздылығы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі жан-жақты талқыланды. Экологиялық туризм табиғатты, мәдени және рухани мұраны қорғаудың тиімді құралы ретінде ықпал етуде. Авторлар ауылдық аумақтарды дамытудың басымды мәселелеріне талдау жасай отырып, жергілікті халықтың өмір сүру жағдайлары мен экономикалық өсуді әртараптандырудың жолдарын іздеу қажеттілігін қарастырды. Еліміздің ауылдық аумақтарында экологиялық және аграрлық туризмді дамыту үшін қажетті туристік-рекреациялық ресурстар анықталып, негізделді. Еліміздің әр аймақтарында экологиялық және аграрлық туризмді дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді.