Тілдік медиацияның түрлері мен фунционалдық өрісі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-147-2-81-96
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада тілге тән қызметтің жеке бір түрі болып табылатын тілдік медиация туралы мәселелер қарастырылады. Жалпы ғылымдағы «медиация» – екі тараптың ынтымақтастығына негізделген қарым-қатынас. Қарым-қатынас барысында туындаған қиындықтарды, кикілжіңдерді, түсініспеушіліктерді шешу кезінде медиацияны сәтті қолдану қарым-қатынас жасау мәдениетін жақсартуға ықпал етеді. Бұл тақырып қазіргі шетел лингвистері арасында кеңінен талқыланып жүр. Десе де қазақ тіл білімінде әлі қарастырылмаған тың тақырып, демек, өзектілігі де осында. Тілдік медиацияға негізделген зерттеу жұмысында«медиация» терминінің нені білдіретіні, оның түрлері туралы түсінік беріледі.Күнделікті өмірден, мерзімді баспасөз беттерінен алынған мысалдарды талдауарқылы терминнің тілімізде қандай қызмет атқаратынын ашып-көрсетуге бағытталады. Медиация тұлғааралық қарым-қатынастың (интеракцияның) бір түрі, сол сияқты ол бейинтерактивті де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның мақсаты ақпаратты коммуникатордан реципиентке беру (кері байланыссыз) болып табылады. Бұл терминнің мәнін ашу мақсатында әдебиеттерге шолу жасаған кезде медиация туралы айтылған шетелдік, отандық ғылыми еңбектерден алынған анықтамалар, пікірлер сұрыпталып, жүйелі түрде беріледі. Мақалада жинақтау, топтастыру, сұрыптау, талдау, салыстыру әдістері қолданылады.Жоғарыда атап өткендей, бұл тақырып отандық лингвистика тұрғысынан әлізерттеу объектісі болмағандықтан, көбіне шетелдік ғалымдардың еңбектеріндеқарастырылған теориялық тұжырымдар мен практикалық түсіндірмелер негізгеалынады.