М.Әуезов прозасындағы авторлық концептосфераның бейнелену ерекшеліктері

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-147-2-108-116
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Зерттеу мақалада М. Әуезов шығармаларында көрініс табатын жекеавторлық концептосферасы терең мазмұнымен бірге, жалпыадамзаттық,жалпы философиялық сипаттары анықталған. Мақаланың теориялық жәнепрактикалық маңыздылығы жеке авторлық концептосфера қаламгердің авторлықсанасында көрініс тапқан образы немесе түсінігі, автор дүниетанымындағы мәдени-мағыналық құндылықтар жүйесімен анықталады. Зерттеу әдіснамасы М.Әуезовтің жеке авторлық концептосферасын анықтауда «қасқыр», «қазақ әйелі», «жақсылық», «жамандық» концептілері зерттеу нысанына алынып, концептуалды талдау әдісімен айқындалды. «Көксерек», «Қаралы сұлу» шығармаларын«жақсылық», «жамандық» концептілері негізінде «қасқыр», «қазақ әйелі»,концептілері, «өлім», «жесір», «екіаяқтылар», «жат иіс» фреймдерімен айқындалды. М. Әуезов шығармаларында анықталатын «жақсылық» пен «жамандық» концептілері доминатты оппозициялық концептілер ретінде қарастырылып, авторлық позиция тарапынан талданды. Зерттеу мақаланыңқұндылығы М. Әуезов шығармашылығын лингвомәдениеттану нысаны ретіндеқарастырумен, ұлттық дүниетаным түсініктерінің авторлық позицияданталдануымен анықталады.