Аңдатпа
Мақалада поэзия мәтіндеріндегі көркем детальдің орны анықталып, ақындардың философиялық танымы мен психологиялық көңіл-күйін, эстетикалық ойын жеткізудегі рөлі айқындалады. Көркем бейнелеудегіұғымдардың мәні ашылып, ақынның көркемдік жадында таңбаланған бейнелерталданады. Мәтін құрылымынадағы көркем детальдің қызметін танытуда Н.Айтұлы, Е.Раушанов, Т.Әбікәкімұлы, М.Райымбекұлы өлеңдеріне талдау жасалады.Қазіргі поэзияда ой, идея, ақынның көзқарасы мен танымы, экспрессивтіэмоциялары түрлі детальдар арқылы көрініс тапқан. Сол элементтер мен детальдар көркем деңгейде түзіле келе мәтіннің жүйесін қалыптастырады. Осыдан жаңа бейнелеу, жаңа стиль, ерекше құрылым пайда болады. Поэзиядағы негізгі ой мен автор ұстанымы идеяны оқырманға жеткізу үшін қандай да бір тәсілдерді қолданады. Поэзияда тілдік бірліктер көркемдік жүйені қалыптастырса, сол жүйенің тетігінде тұрған деталь өзінің мағыналық-символикалық мәнімен жаңа бейнелеулерге негіз болды. Заманауи қазақ поэзиясының көркемдік-бейнелілік жүйесінде детальдар түзілімі ерекше орынға ие жаңашыл ізденістерге толы. Мақалада мәтіндегі көркем детальдің қызметі поэзия туындылары мысалындақарастырылып, жан-жақты талдау нысанына алынады.Көркем туындының мәтіндік құрылымы макро және микро детальдардантұратыны белгілі. Олардың біреуі анық, ашық, қалыпта көрінсе, енді біреулеріжасырын, астарлы, тұспалды түрде қолданылады. Ақындар қолданысында түрліқалыппен бейнелеуге қызмет ететін детальдар мәтіннің өзегі екені талдауларнәтижесінде тұжырымдалады.