Аңдатпа
Мақалада Шу қаласы бойынша жерді аймақтарға бөлу жұмыстары жүргізілді, бағалау аймақтарының шекаралары мен жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері анықталды және Шу қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасы жасалынды. Елді мекендерде жерді аймақтарға бөлу бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін айқындау мақсатында жүргізіледі [1]. Қазақстан Республикасында жерді аймақтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілмейді. Осыған сәйкес жер иеленушілер мен пайдаланушыларға жыл сайын жерге байланысты төлемақылар артық немесе кем белгіленіп отыр. Сол себепті әр 5 жыл сайын нарыққа сәйкес жерді аймақтау жұмыстарын жүргізу қажет. Жерді аймақтау жұмыстарын жүргізу мақсаты: елді мекендегі жер телімдерін кадастрлық бағалау үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін анықтау. Жерді аймақтау міндеттері: елді мекендегі есептік кварталдарды анықтау; есептік кварталдар қиылыстары шегіндегі аймақтардың шекаралары анықтау және нақтылау; әр есептік кварталға төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері есептеу; аймақтар нөмерін беру; аймақ бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін анықтау; елді мекен аумағын аймақтау схемасын жерді кадастрлық бағалау мақсаты үшін құру; елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасы жасау. Аймақтандырудың әзiрленген схемасы жер үшiн төлемнiң неғұрлым әдiл базалық ставкаларын айқындауға көмектеседi, бұл өз кезегiнде жергiлiктi бюджеттердiң қаржылық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етедi және жердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттырады. Бұдан басқа, жер үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін қолдану әртүрлі жергілікті ерекшеліктерді - инженерлік-геологиялық жағдайлардан қоғамдық және инфрақұрылымдық объектілердің қолжетімділігіне дейін барабар ескеруге мүмкіндік береді. Бұл анағұрлым дәл және әділ салық салуды қамтамасыз етеді, бұл жер ресурстарын ашық және тиімді басқару үшін шешуші болып табылады.