ЖАРТЫ ШЕҢБЕР ПІШІНДІ САҢЫЛАУЛЫ ЖАЛПАҚ БҮРІККІШТІҢ СОҚҚЫ БЕТІ РАДИУСЫ ЖӘНЕ ОСЫ БЕТТЕГІ АҒЫННЫҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2024/52
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жұмыста сұйық минералды тыңайтқыштарды (СМТ) топырақ ішіне енгізуге арналған жарты шеңбер пішінді саңылауы бар жалпақ бүріккіштің соққы беті радиусы мен соққы бетінде қалыптасатын ағын қалыңдығын анықтаудың теориялық негіздері, оның есептік сұйықтық динамикасы бағдарламасымен (ЕСД) талдауы және эксперименттер нәтижелері келтірілген. Топырақ қуысының астында және өңдеу пышағының бүкіл ұзындығы бойлап бүрку жолағын қалыптастыратын жалпақ ағынды саптамаларды пайдалану СМТ-ны өңделген топырақпен (бөлшектерімен) жоғары тиімді араласу үдерісін қамтамасыз етіп, өсімдіктердің жетілуіне оң ықпал етеді. Бүріккіш сұйық минералды тыңайтқыштарды топыраққа астарлай енгізуге арналған болса да, ол беткейлік бүркуге, сондай-ақ ұшты табан соқамен қолдануға және ауаны ылғалдандыру, өрттің алдын алу сияқты басқа салаларда да қолдануға жарамды. Теориялық есептеулер негізінде анықталған қолданымды соққы беті радиусы 2,5–4 мм шамасында. Ds = 2,5 мм тиімді саналады. Ағынның қалыңдығы саптаманың биіктігіне (h) тәуелсіз екендігі және оның минимал мәнін анықтайтыны белгілі болды. Жалпы саптама биіктігі ағынның қалыңдығынан 2–3 есе артық болғаны дұрыс. Соққы бетінде бірқалыпты ағын қалыңдығы қамтамасыз етілген бүріккіште ғана бірқалыпты бүрку пайда болады.