Аңдатпа
Бидайдың қоңыртат саңырауқұлақ ауруы - Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бидай өсірілетін аймақтарында өсімдіктердің ең көп тараған ауру қоздырғыштарының бірі болып табылады және ауылшаруашылық дақылдарының қауыпті ауруларын тудырады. Тат ауруын тудыратын зиянды саңырауқұлақтардың бірі - (Puccinia Recondita) және тамыр шірігінің ауруын тудыратын қоздырғыш (Bipolaris sorokiniana). Бидай өндірісін шектейтін және жоғары өнім алуға кедергі келтіретін негізгі биологиялық фактор бидай сорттарының әртүрлі ауруларға төзімділігінің жоқтығы болып табылады. Жаздық жұмсақ бидай үлгілерінің қоңыртат және тамыр шірігі патогендеріне төзімді немесе төзімсіздігін анықтау үшін, табиғи егіс алқап жағдайында оларға фитопоталогиялық бағалау жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстандық және шетелдік 30 жаздық жұмсақ бидай үлгілерінің қоңыртат және тамыр шірігі ауруларына, төзімділігін анықтау үшін фитопотологиялық бағалау жұмыстарын жүргізу болды. Зерттеулер 2023 жылы, «КазАгроИнновация» қарасты ЖШС «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының» арнайы тәжірибелік зерттеу жұмыстарына арналған егісалқапында жүргіздік. Қоңыр тат қоздырғышына төзімді деп төрт жаздық жұмсақ бидай үлгілері анықталынды: (Линия 1415м, Линия 201м, № 322 / к-30949 және №347/к-38532 Альбидум 24). Сонымен қатар орташа төзімсіз деп танылған он жаздық жұмсақ бидай үлгілері анықталынды: (Линия 205м, №352/к-40599 Саратовская 29, Актюбе 39, Казакстанская 10, Степная 50, Степная 2, Линия Р-1413м, №317/к-28117 Блансар, № 318/к-28130 Смена және №353/к-41218 Саратовская 28). Зерттеу нәтижелері (Puccinia Recondita) және (Bipolaris sorokiniana) қоздырғыштарына төзімді бидай үлгілері мен сорттарды іздеуге және зерттеу жұмыстарын әлдіде жалғастыруды қажет етеді.