Аңдатпа
Мақалада қазақ паремиологиялық кеңістігіндегі «билік» субконцептісінің семантикалық өрісі талданады. Билік – қоғамдық қатынастарды реттеуші. Сондықтан ол халықтық тәжірибе мен құндылықтарды, халықтық ойлау жүйесін, тұрмыс қағидаттарын, өмір сүру формасын қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Сол себепті билік тақырыбы қай кезеңде де өзектілігін жоймайды. Осы тұста «билік» ұғымының қазақ танымындағы сипатынпаремиологиялық жүйе тұрғысынан сипаттау маңызды нәтижелерге қолжеткізуге мүмкіндік береді. Өйткені паремиологиялық кеңістік те белгілі бірхалыққа тән талғам, тәжірибе үлгілерін бойына жинақтайды.Зерттеу мақсаты – қазақ дәстүрлі қоғамындағы «билікке» қатыстықалыптасқан ұғым-түсініктердің паремиологиялық кеңістіктегі семантикалықөрісін зерделеу. «Билік» субконцептісін құрайтын семантикалық бірліктердіңмақал-мәтелдер құрамындағы сипаты және қоғамдық өмірдегі маңызы талданады.Қазақ халқының басқару жүйесін білдіретін тілдік бірліктердің паремиологиялықжүйедегі мәні ашылып, «билік» субконцептісінің семантикалық өрісін құрайтын лексемалар айқындалады. Сондай-ақ зерттеуде қазақ халқының ұжымдық санасында билік туралы ұғымдарды қалыптастыратын тарихи-этнографиялық және әлеуметтік-мәдени контекстке де назар аударылады.Алынған нәтижелер қазақ паремиологиясы аясындағы «билік» субконцептісіне тән мағыналарды тереңірек түсінуге және түсіндіруге, қазақ халқының мәдени ерекшеліктерінің өзіндік сипатын ашуға мүмкіндік береді.Зерттеу нәтижелері осы бағыттағы және гуманитарлық сала мамандары үшінқосымша материал болып саналады. Түйін сөздер: Паремиология, концепт, лингвомәдениеттану, билік жүйесі,мақал-мәтел.